Жаңалықтар

Көне дүкен отқа оранды

      Маусымның 14-інен 15-іне қараған түні Қарағандыдағы «1000 ұсақ-түйек» дүкенінде өрт шықты.

Өртке қарсы іс-қимыл шараларына 80 адам мен 20 арнайы техника атсалысты. Облыстық төтенше жағдайлары жөніндегі департаменттің қатысуымен 462 тұрғын эвакуацияланды. Түн ортасында өрт толық сөндірілді.

Көмірлі шаһардағы көне дүкендердің бірі саналатын «1000 ұсақ-түйек» тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Бұл үй 1974 жылы тұрғызылыпты. Сол уақыттан бері халыққа үздіксіз қызмет етіп келе жатқан дүкендегі өрттің себебі қазір анықталуда.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button