Рухани жаңғыру

Күй-ғұмыр

      Жуырда Қазақстанның халық артисі Мағауия ХАМЗИН туралы жаңа кітап жарыққа шықты.

«Мағауия мақамдары» деп аталатын кітапты құрастырушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгар Жанболат Башар. Айтулы кітапта ерекше талантымен әлемді мойындатқан Мағауия күйшінің шығармашылығы мен өміріне арналаған естеліктер, өлеңдер, пікірлер топтастырылған. Балқаш қаласының – 80 жылдығы қарсаңында Мағаңның – 90 жылдығына арналған «Мағауия мақамдары» атты жаңа кітап жарық көруі жаңалық болып отыр. Күйші, сазгер Мағауия Хамзиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктерде шыр етіп жерге түскен күнінен бастап, тұлғалық дәрежеге жеткенге дейінгі ғұмыры баяндалған. Сөз зергері, ақын Жеңіс Қашқынов, елімізге танымал қаламгер Нұрперзент Домбай, өнер танушы Жанғали Жүзбаев, өлкетанушы, ҚР үздік мәдениет қызметі Күләш Сардарбек, Манап Анықбеков және Мағаңның замандастары Айтмағанбет Құсайынов, Төлеуқадыр Тоқтамысов секілді танымал азаматтар сыр шертеді. Кітап екі тілде жарық көргендіктен орыс тілді әріптестеріміз – Тамара Григорьева, Береке Шалова секілді белгілі қаламгерлердің сыр-сұхбаттарын оқуға болады. Қасиетті домбырадан күй төгіп күңіренген Мағауия Хамзинге жыр арнаған ақындар да аз болмаған. Жинақтың екінші бөлімі Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәуітәлі Стамбекұлының «Домбырада полонезді тыңдау» деген шабытты өлеңімен ашылады. Ақын Жеңіс Қашқынов­тың «Қоңыр қаз» поэмасын да осы жинақтан оқи аласыз. Кітап Қарағанды қаласындағы «Арко» баспаханасынан шағын данамен жарық көріп отыр. Жинақ кітапханалар мен өнерсүйер қауымға тегін таратылуда.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button