Жаңалықтар
Күй – қазақтың құдіреті
Кеше Н.Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап орталық кітапханасында «Күй өнері – қазақтың құдіреті» атты көрме ұйымдастырылды.
Арқадан шыққан айтулы күйшілер – Ахметжан Сармантайұлының туғанына – 140 жыл, Аққыз Ахметқызына – 120 жыл, Мағауия Хамзинге – 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрме көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда өмірлік мәні зор, тағылымды туындылар мен естелік суреттер, тұлғалар туралы жазылған кітаптар топтастырылған. Әсіресе, күйшілер жайлы жазылған кітаптарға сұраныс жоғары. Осы күні тақырыптық мазмұны бойынша тарихи деректерімен құнды кітаптар жөнінде оқырмандар ортақ ойларымен бөлісті.
Нұрдос КӘРІМ