Жаңалықтар

Көңілге сенім ұялатқан Жолдау

Биылғы 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасаған болатын.

Сурет: egemen.kz

Бұл Жолдау еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жылғы перспективасына арналып, Президентіміз жұмыстың неғұрлым маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді.

Онда банк жүйесін,салық кодексін реформалаудың қажеттілігі туралы дұрыс шешім айтылды. Мұның өзі ел экономикасының, соның ішінде өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының, өңдеуші және басқа да салаларының дамуына ықпал етері анық. Шағын және орта бизнес те тиімдірек жұмыс істеп, дамитын болады.

Елімізде АЭС салу жөніндегі даулы болып келген мәселені жалпыұлттық референдумда халықтың өзі шешетіні қуанышты. Президенттің айтуы бойынша ол ағымдағы жылдың 6 қазанында өтпек.

Президент өз сөзінде біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне зәру екенімізді де атап өтті. Бұл орайда ел өмірі үшін әр маңызды қадамды халықтың қолдауымен жасау керектігі де айтылмай қалмады. Ашық және халық үніне құлақ асатын мемлекеттің барлығының тағы бір дәлелі болып табылады бұл.

Азаматтардың денсаулығын нығайту, халықты әлеуметтік қорғау, білім беруді және өмірдің басқа да салаларын қолдау жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылады.

Еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін толығымен ашудың қажеттігін айта келіп, Президент Қарағанды аймағының табыстарын ерекше атап көрсетті.

Жолдауда айтылған барлық жобалар мен талпыныстар тиімді шешімін тауып,барша қазақстанстандықтардың өмір сапасында көрініс табарына сенімдімін.

Шахвели КУРБАНОВ,
Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button