Көңілге қонды

Өткен аптада Приозерск қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Аймақ тұрғындары үшін ұйымдастырылған игілікті шараға Шет, Шу, Ақтоғай ауданы, Тараз бен Алматы қалаларының кәсіпкерлері және жергілікті кәсіпкерлер қатысып, әкелген өнімдерін нарықтық бағадан 10-15 пайыз төмен ұсынды.

Жұртшылықтың қуанышына айналған жәрмеңкеде 3 млн. 200  мың  теңге көлемінде 12,6 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды.  Атап айтқанда, 0,5 тонна ет өнімдері,  7,5 тонна көкөніс өнімдері, 2 тонна жеміс-жидек, 2,4 тонна бакалея өнімдері тұтынушыларға ұсынылды. Дәстүрлі жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.