Пікірлер

Қиындықты бірлік пен ынтымақтың арқасында жеңеміз

Елбасымыздың қазақстандықтардың мейірімділігі, қонақжайлығы мен бірлігі жайлы айтқан сөздері мен ойға қалдырды. Расымен де, Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ, олардың ешбіріне мойымай, бірлік пен ынтымақтың арқасында еңсере білдік. 

Қазір бүкіл әлем үшін қиын кезеңдер басталды. Коронавирус пандемиясынан зардап шекпеген мемлекет қалмады десек те болады.  Президент бастаған ел үкіметі вирустың таралуын тоқтату үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Қиын материалдық жағдайға тап болған отандастарымызға, зейнеткерлерге, ардагерлер мен көпбалалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға көмек қолын созуда. Ендігі біздің міндет, қабылданған шектеу шараларына төзімділік танытып, қалыпты өмірге тезірек оралуға қам қылу.

Л.Глазун,

Шахтинск қаласының құрметті азаматы. 

Басқа материалдар

Back to top button