Пікірлер

Қиындықты бірлік пен ынтымақ арқылы жеңеміз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында бүкіл әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясы кезінде халықты сабырлылыққа шақырып, Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізді. Дүниежүзінде 1,4 миллион адам осы вирусты жұқтырып, ондаған мың адам өмірден өтті. Қазіргі таңда бүкіл әлем ғалымдары осы індетке қарсы вакциналар табу жолында ізденіп жатыр.

Бауыржан Момышұлы ” Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды” деген, сондықтан қазіргі жағдайда халық тәртіпке бағынуы керек. Сол кезде ғана біз бұл кеселге тосқауыл қоямыз. Сенім – ол басты күш. Халқымыз:”үлкенге- құрмет, кішіге- ізет” деген, соның айғағы қазір үлкендерге, көпбалалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетіліп жатыр.” Ырыс – алды ынтымақ”. Елбасымыз осы қиын жағдайдан елімізді алып шығатын ынтымақ, бірлік екенін баса айтты.

Рымкеш Рашевна,

ҚХА Осакаров ауданының аналар кеңесінің мүшесі

Басқа материалдар

Back to top button