Жаңалықтар

Қиын сәтте көмекке келді

              Қаңтар айының ортасындағы боран Арқа жұртын әбігерге салғаны белгілі. Жол көрінбей, жолаушылар қар тұтқынына қамалған оқиғалар да тіркелді. Сондай оқиғалардың біріне тап болғандардың бірі біз едік.

Қарағандыдан Қарағайлыға жол тартқан біздің автобусымыз Бұқар жырау ауданында боранның салдарынан апатқа ұшырады. Құдайға шүкір, сол кезде дереу көмек көрсеткен азаматтардың арқасында адам шығыны болған жоқ.
Осы орайда, Шешенқара селолық округінің әкімі С.Өскенбаев бастаған әкімшілік және директор Ж.Жақсыбеков бастаған мектеп ұжымына, ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Ж.Борашеваға, Матақ медициналық пунктінің қызметкері Г.Мұқановаға, ауылдың учаскелік инспекторы Н.Сүлейменовке, ауыл халқына және құтқару қызметтерінің өкілдеріне шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметпен,
«Қарағанды – Қарағайлы»
бағытындағы автобус жолаушылары.

Басқа материалдар

Back to top button