Ресми

Өңір дамуында өрлеу бар

Өткен жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды. Басымдықтар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, азаматтардың әл-ауқатының сапалы өсуі.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша (9 ай.2022 ж. – 4 753,4 млрд. теңге немесе Республикалық көлемде 7,3%) облыс республикада 4 орын алады.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2021 жылғы кезеңге қарағанда 16,8%-ға өсумен 4,2 млн.теңгені құрады.

Облыстың қысқа мерзімді экономикалық даму индикаторы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 100,2% құрады.

Ауыл шаруашылығында (+1,8%), сауда (+8,9%) және көлік (+0,7%) салаларында өсім қамтамасыз етілді.

Облыстың негізгі капиталына 2021 жылғы деңгейге қарағанда 10,6% өсіммен шамамен 725 млрд. теңге инвестицияланды.

Құрылыста 597 мың шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылды, оның өсімі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2,6%-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14,9%-ға артып, 93,1 мың бірлікке жетті.

Жергілікті бюджетке кірістер жоспарланғаннан 11,4% көп түсті (266,1 млрд.теңге).

Жұмыссыздық деңгейі 4,3% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,6 пайыздық тармаққа төмен (ҚР-4,9%).

Стратегиялық  және экономикалық  жоспарлау

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында айқындалған әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеттері мен басымдықтарын ескере отырып, Облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы әзірленіп, Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №63/02 қаулысымен бекітілді.

Болжамда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары, болжамдары мен көрсеткіштері, бюджеттік параметрлер және бюджеттік инвестициялардың басымдықтары көрсетілген.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексінің орташа жылдық өсу қарқыны 2023-2027 жылдары 102,6% деңгейінде болжанады.

Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары облыстың («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес) 2 облысқа – Қарағанды және Ұлытау облысына бөлінуіне байланысты түзетілді. Өзгерістер Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы XXI сессиясының № 275 шешімімен бекітілді.

Өңірді дамытудың стратегиялық көзқарасы сапалы жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту арқылы халықтың кірісін арттыруға бағытталған.

Облыстың даму жоспары халық өмірінің барлық салаларын қамтиды: қолжетімді баспана, сапалы инфрақұрылым, қауіпсіз өмір сүру ортасы, әлеуметтік сала, қолайлы бизнес-климат, өнеркәсіп, сауда, логистика, облыс тұрғындарының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, кретивті экономика, агроөнеркәсіп кешені мәселелері.

 Бұл құжатта мақсат-міндеттер, өңірдің болашаққа даму векторы, басымдықтар белгіленіп, облысымыздың әлеуетін пайдалана отырып шешетін міндеттер мен шешімдер айқындалған.

2025 жылға қарай қамтамасыз ету міндеті қойылды:

– жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім 16,297 АҚШ долларды құрайды;

– еңбек өнімділігінің өсуі 2019 жылғы бағамен бір жұмыспен қамтылғандарға (ЖҚҚ) 31,4% немесе 9 293 мың теңге;

– урбанизация деңгейі – 83,6%;

3,2 млн. ш. м. тұрғын үйді іске қосу нәтижесінде әлеуметтік тұрғын үй алу кезегі 40% -ға қысқарады (01.01.2021 ж. жағдай бойынша);

– халықтың қалалардағы сумен жабдықтау қызметтеріне және АЕМ – 100%-ға қол жеткізуі;

– ЖАО жұмыс сапасына қанағаттану деңгейі – 80%;

– тірек және спутниктік АЕМ-нің өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі 100%.

Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту қамтамасыз етілетін болады.

Өңірлік дамуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

«Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» және «ТКШ, жылу, сумен жабдықтау, су бұруды жаңғырту және дамыту» бағыттары бойынша 130 іс-шараны іске асыруға 51 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Қарағанды облысына 8 қала кіреді, оның 5 моноқалалар: Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск, Абай, олар бір-біріне айқын индустриялық бағыттылығымен және жүйе құраушы кәсіпорындардың қызметіне тәуелділігімен ұқсас.

Моноқалаларда облыстың өнеркәсіп өнімінің 60% өндіріледі, негізгі капиталға салымдар көлемінің 48% инвестицияланады.

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру мақсатында 2746 жұмыс орнын құрумен 215,1 млрд. теңге сомасына 14 зәкірлік жоба іске асырылуда.

2022 жылдан бастап Қарағанды облысында «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2 моно және
1 шағын қалада (Балқаш, Саран, Қарқаралы) 5,6 млрд.теңге сомасына жылумен жабдықтау желілерін салуға және реконструкциялауға бағытталған 3 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Нәтижесінде 530 көппәтерлі тұрғын үй нысаны мен 80 әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысанды жылумен жабдықтау сапасы жақсарды. Жобаларды іске асыру ағымдағы жылы жалғасатын болады.

Жалпы, 2023 жылға моно және шағын қалаларда инфрақұрылымды дамыту шеңберінде моноқалаларда 6 жобаны іске асыруға 2,7 млрд.теңге көзделген.

Басты мақсаты ауылдағы адамдардың өмірін жақсарту болып табылатын «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын толыққанды іске асыру жалғасуда.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік игіліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын құру жөніндегі шаралар іске асырылды. Жоба шеңберінде даму әлеуеті бар 160 ауыл анықталды, онда облыс ауыл халқының 89% -дан астамы тұрады. Атап айтқанда, 137 746 адамнан тұратын 68 тірек ауыл және 52 153 адамнан тұратын 92 спутниктік ауыл іріктелді.

Жалпы, жоба бойынша 2022 жылы 21 ауылдық елді мекен қамтылды, онда 58 мың 478 адам немесе ауыл халқының 28% тұрады, 4,3 млрд.теңгеге 42 жоба іске асырылды.

2023 жылға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 43 924 адамнан тұратын 32 ауылдық елді мекенді қамту жоспарлануда, 5,5 млрд. теңгеге 33 жоба іске асырылатын болады.

2009 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ауылдық елді мекендердің кадр тапшылығын жоюға арналған «Дипломмен ауылға» жобасы жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 215 әлеуметтік саланың маманы, АӨК және т.б. 975,9 млн. теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер алды, 107,5 млн.теңгеге 351 маман көтерме жәрдемақы алды.

Инфрақұрылымды кешенді дамыту жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өткен жылы 234 км су құбыры, кәріз және 10,1 км жылу желілері салынды және қайта жөндеуден өтті. Бұл сумен жабдықтау желілерінің тозуын 0,9%-ға (50,88%) төмендетуге мүмкіндік берді.

«Жайлы тұрғын үй» міндетін іске асыру шеңберінде жыл қорытындысы бойынша 2021 жылғы деңгейге қарағанда 2,6% өсіммен 597,2 мың ш.м. тұрғын үй (5,5 мың пәтер) пайдалануға берілді.

Көлік байланысын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы жергілікті маңызы бар 355,5 км автожол, оның ішінде Балқаш, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск моно қалаларының – 54,5 км автомобиль жолдары жөндеумен қамтылды.

Бұл автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесін 85%-дан 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Жалпы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы 1,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және мемлекеттік активтер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бұл тұтастай алғанда қоғамды дамытуға бағытталған мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының неғұрлым тиімді нысаны.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу халыққа неғұрлым сапалы қызметтер көрсетуге қайта бағдарлануға, өңірлік мәселелерді шешуге, мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыруға, инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасуда, онда халықтың қажеттілігі бар, «сауықтыру» әлеуметтік сала объектілерін талап ететін, ол әрқашан мемлекет басымдықтарының қатарында.

Қарағанды облысында МЖӘ шеңберінде 2017 жылдан 2022 жылға дейін жалпы сомасы 14 млрд. теңгеге 56 шарт жасалды, оның ішінде 2022 жылы денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Қарағанды қаласында экстракорпоралдық гемокоррекция орталығының ашылуы» және «Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының гемотология саласындағы құзыреттілік орталығының ашылуы».

Аталған жобалардың барлығы жеке қаржы бастамасы тәртібімен бастамашылық жасалған және мемлекеттік міндеттемелерді қамтымайды.

Аталған жобалар әлеуметтік салада іске асырылуда, көш бастап тұрған денсаулық сақтау саласы бойынша 91% өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, жасалған шарттардың жалпы санының 9% білім беру саласында.

Бұл барлық деңгейдегі бюджеттерді күрделі шығыстардан едәуір «түсіруге» және медициналық жабдықтарды сатып алу және оларға қызмет көрсету үшін 13,1 млрд.теңге мөлшерінде жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік берді.

Шағын және орта бизнеске мемлекеттік мүлік веб-порталы арқылы 51 000 шаршы метрден астам облыстық коммуналдық мүлік және 5 000 бірліктен астам жабдық мүліктік жалдауға берілді. 751 жалдау және жекешелендіру шарты жасалды, бұл облыстық бюджетке 412 млн. теңге сомаға қаражатты толықтыруды қамтамасыз етті.

Ағымдағы жылдың негізгі бағыттары:

– ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларында облыс бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз ету;

– бағдарламалық құжаттарда айқындалып, облыс қабылдаған міндеттемелерге мониторинг жүргізу;

– мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, сондай-ақ, басқармалардың жетекшілік ететін салалары бойынша өңірлердің бастамаларын қолдау болып табылады.

2023 жылы облыс экономикасының өсімін 2022 жылғы қол жеткізілген деңгеймен салыстырғанда кемінде 2,4%-ға арттыруды өнеркәсіп көлемін 1,6%-ға, ауыл шаруашылығы – 3%-ға; құрылыс – 4,2%-ға, көлік қызметі – 2,5%-ға, сауда – 3,5%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Алға қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жалғасады.

Татьяна Аблаева,

облыстың экономика басқармасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button