Инвестиция игерілуде
Биылғы I жартыжылдықта облыс кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі капиталға салынған инвестицияның 122,1 млрд. теңгесін игерді. Шағын кәсіпорындарға облыстағы инвестиция көлемінің 48,1 пайызы, ірі кәсіпорындарға 47 пайызы және орта кәсіпорындарға 4,9 пайызы тиесілі.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның 51,7 пайызы құрылыс, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу жұмыстары еншісінде. Машина, жабдық, көлік құрал-саймандары және оларды күрделі жөндеуге жұмсалған қаржы – 45,1 пайызды, өзге де шығындар – 3,2 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халық қаражаты болды. Олардың үлесіне инвестициялардың жалпы көлемнің 76,4 пайызы тиесілі. Банк несиелері және басқа да қарыз қаражаттарының үлесі, сәйкесінше, 4,7 пайыз және 2,6 пайыз. Бюджет қаражаттарының үлесі 16,2 пайызды құрады. Оның ішінде, республикалық бюджет – 11,2 пайыз, жергелікті бюджет – 5 пайыз.
Инвестициялардың жалпы көлемінің 60,4 пайызы өнеркәсіпте, 18,3 пайызы жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында игерілген. Экономикалық қызметтің басқа түрлеріне негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 0,1 пайыздан 6,9 пайызға дейіні тиесілі.
Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің артуы облыстың 11 өңірінде байқалды. Едәуір өсім Ұлытау ауданында байқалды (4,2 есе).
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.