Жаңалықтар

inDriver қосымшасының негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды

inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы оның өзі сенбіде, 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Tengrinews.kz сайтынан

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.

– Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді, – деп жазды министр.

Арсен Томский 2022 жылдың күзінде берген сұхбатында компания кеңсесінің Якутскіден Алматыға көшуі, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі және 2016 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалының онлайн-агрегаторы не себепті бұғатталғаны туралы айтты.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button