Жаңалықтар

ҮИИД: Жанданған өндіріс, жаңарған кәсіпорын

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен экономиканы әртараптандыруға бағытталған 2010 жылы қабылданған үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығы былтырғы жылы еңсерілді. Екінші бесжылдықтың да бағындырар белесі айқындалған. Ол – экономиканың төрт секторын қамтитын болады. Біріншісі – шикізаттық сектор. Яғни, мұнай-газ, тау-кен мен ауыл шаруашылығы. Бұл сектор макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді деп күтілуде. Екінші – нарықтық бейімделген сектор. Үшінші– инновациялық және болашақ экономика секторлары. Осы үшеуі арқылы өндірістік өнімділікті арттыру һәм жұмыспен қамтуды кеңейту. Бұл орайда, туризм, шағын және орта бизнеске үміт зор.

Ал, Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2015-2019 жылдарда жалпы сомасы 1,2 трлн. теңгеге, 6621 жаңа жұмыс орындарын құрумен 36 жобаны іске қосу жоспарланған. Соның ішінде өңірлік картада 33 жоба бар. Жалпы құны – 222,7 млрд. теңге болатын бұл жобалар 3587 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл болса, 101 млрд. теңге сомасындағы 10 жобаны іске асыру көзделген. Ол жобалардың үшеуі жартыжылдықта жұмысын бастады. Атап айтқанда, Бұқар жырау ауданында электр қуатын өндірумен биоқалдықтар өндіру және қайта өңдеу бойынша жоба («Волынский» АӨК ЖШС), 267,3 млн. теңге инвестиция құйылып, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етті. Одан соңғы жобаның бірі – Қарағанды қаласында «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің «Өндірісті кеңейту және жаңғырту» жобасы. Жобаның жалпы құны 608 млн. теңге. Өндірістен 34 тұрғын нәпақысын тауып отыр. Одан кейін – Қарағандыда жобалық қуаттылығы 110 МВт, 158 Гкалл/сағ «Қарағанды ЖЭО-3 кеңейту, үшінші кезек» жобасының іске қосылуы экономикаға үлес қосатын болады. Қалған алты айда құны 68,1 млрд. теңгенің 7 жобасы жұмысын бастайды. Сонда аймақта 784 жаңа жұмыс орыны пайда болады. Сонымен қатар, 2016 жылдың басынан Индустрияландыру картасынан тыс «ISS Engineering» ЖШС-де құбыр панельдер әзірлеу бойынша 1 жоба іске қосылғанын атап өткен ләзім. Жобаның құны – 250 млн. теңге. Бұл – биылғы жоспар. Қойны қазынаға, даласы төрт түлік малға, алқабы егінжайға толы Қарағанды аймағына еңсерер белес әлі мол.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button