Халықты сабырға шақырды
Қазіргі таңда бүкіл әлемде ушығып жатқан коронавирус жұқпалы індеті жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Егемен Қазақстан газетінде «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланған болатын. Бүкіл әлем мазасыз күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен сәтте өз халқын сабырға шақырып Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Сөз барысында ұлы Абай атамыздың «Кімге достығың болса, достық – достық шақырады» деген мақалын тілге тиек етіп, Қазақстан мен дүние жүзі мемлекеттері арасындағы өзара достық пен сенім, эканомикалық ынтымақтастықтың берік екендігін дәлелдеп өтті.
Әлемді әбігерге салған пандемия эканомикалық дағдарыс туғызды. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтады, көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнай бағасы құлдырады. Жұмыссыздық көбейді. Десе де бұл қиындықтардың бәрі уақытша, біздің отанымыз Қазақстан – қазба байлықтарға бай ел, оның ішінде мұнайға. Сондай-ақ, елде жүйелі жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы айтарлықтай дамып, өз өнімдеріміз әлемдік астық экспорттаушы алғашқы алты мемлекеттің қатарына қосылды деді елбасымыз.
Және де қазіргі жағдайдың ауыртпалығы оңай емес, дәл осы сәттерде жұртты алаңдатып үрей таратып, елге байбалам салушылар да табылады. Өз сөзінде Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөздерін тілге тиек етіп қыйын сәттерде халықты осындай азғырынды әңгімеден аулақ болуға үндеді.
Өз сөзін«Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және де тиісті шараның барлығын атқарады. Біз –біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз мен әрқашан халқыммен біргемін. Біз біргеміз!. Қиындыққа қайыспай белді бекем буып, береке бірлігімізден айрылмайық. Тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды Мәңгілік ел болуға бірге күш салысайық» деп аяқтады. Әрине, Елбасымыздың халқына жолдаған үндеуі, елімізді рухани қолдап, бұл ауыр кезеңдерді ел болып бірлесіп, басымыздан тез арада өткізіп жіберуге зор септігін тигізері сөзсіз.
Гүлшат ЖҰМАБАЕВА.