Рухани жаңғыру

Халық мұрасы – аудиокітапта

    Жуырда журналист Нұржан Сұршаұлының құрастырумен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Қазақ мемлекетінің 526 жылдық тарихы» атты аудиокітап жарық көрді. 1465-1991 жылдар кезеңін, яғни бес ғасырдан астам тарихи оқиғаларды қамтыған, қазақтың халық күйлерімен әспеттелген аудиокітаптың көлемі 6 сағат 10 минутты құрайды.

Осыған дейін ел тарихына қатысты жарық көрген еңбектер негізінде құрастырылған бұл аудиокітапты шығарудағы бас­ты мақсаты – жастардың ұлттық тарихымызды зерделеуге қызығушылықтарын ояту, осы арқылы ел болашағын құруға атсалысатын өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Бұған дейін «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясын шығарған автор қазақ тарихына қатысты аудиокітапты шығару жобасын бірнеше жыл бұрын қолға алыпты. Кітапты дыбыстау жұмыстары екі ай көлемінде жүзеге асырылған. Мұндай форматтағы кітаптарды жарыққа шығару, кітаптар сериясының тағы  мақсаты – жастарға ұлттық құндылықтарды қолжетімді ету мәселесін шешуге бағытталған. Кітаптың ресми бағасы бар болғаны 250 теңгені құрайды.

Алдағы уақытта, ұйымдастырушылар осы аудиокітап негізінде Қазақстан тарихына қатысты деректі фильмді түсіру жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр. Айта кетері, осыған дейін аталған сериямен «Ұлттық құндылықтар негізінде жастар бойында патриотизмді қалыптастыру», «Менің елім», «Тілім менің», «Қазақтың ұлттық ас мәзірлері», «Ұлт қайраткерлері», «Құсбегілік», «Қазақтың ұлттық ойындары» сынды барлығы жиырмаға жуық кітаптар  жарық көрген.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button