Жаңалықтар

Халықаралық жиын: қорытынды қандай?

    Қарағандыдағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығы өткен жұмада өр намыс пен асқақ рухтың туын көтерді. Бірнеше күнге созылған «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының жабылуы салтанатты түрде өтті.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықаралық дәрежеде ұйымдастырылып отырған жиынның жабылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысып, сөз сөйледі. Жас сарбаздарды жігерлендіре түсетін жиын қорытындысында сөз сөйлеген ол: «Қарулы күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар – біздің үмітіміз және болашағымыз» дегені баршамызға мәлім. Бүгінгі жеңіс тұғырынан табылған әр сарбаз сол сенімді ақтауға лайық. Олар бір аптаның ішінде шынайы әскери болды. Бүгінгі сапта болашақ Сағадаттарымыз, болашақ Талғаттарымыз тұрғандығына мен кәміл сенемін. Өздеріңіз көргендей, мұнда Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Қорғаныс министрлігінің басшылығы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жастарды тәрбиелеудегі бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдіреді», – деді.

Халықаралық дәрежедегі байрақты бәсекеде «Эрудит» сайысы бойынша Сырым Әділбайұлы ең зияткер қатысушы атағын жеңіп алды. Сырым – Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің аға сержанты.

«Жас Ұлан» мектептері арасындағы жалпы командалық есеп бойынша І орынды Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» РӘМИ, ІІ орынды Қарағанды қаласының Т.Бигелдинов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, ал, ІІІ орынды Астана қаласындағы С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» РӘМИ иеленді.

Әскери-патриоттық клубтар бойынша жалпы коDSC_0166мандалық есепте ІІІ орын Астана қаласынан келген «Бүркіт» командасына, ІІ орын Семей қаласындағы «Жас қыран» әскери-патриоттық клубына, І орын «Жетісу тарландарына» бұйырды.

Былтыр мен АК-74 қаруын бөлшектеу және жинау бойынша жарыста бір секундқа ғана ұтылған болатынмын. Биыл рекорд жаңартып, сол сайыстан бірінші орын иелендім. Жиын – жаңа тәжірибелер мен жаңа достар табуға таптырмас орта, – дейді «Бүркіт» клубының тәрбиеленушісі Индира Аитова.

Жәнібек ӘЛИМАН.

Д.Құрманғалиев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button