Басты тақырып

Халықаралық банк қаржыландыруға ынталы

   Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі тұрақты өкілдігінің штатты кеңесші Исмаил НАДЖАРМЕН кездесті.

    Кездесудің мақсаты – облыстың суармалы жерлерін қалпына келтіру мәселелерін талқылау.

Облыс суармалы ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша мол тәжірбиеге ие. Жыл сайын облыс осы жерлерде 200 мың тонна картоп, 40 мың тонна көкөніс, жемдік дақылдар өсіреді. Әрине, аймақтың ірі шаруашылықтары жыл сайын жатып қалған, суармалы жерлерді көптеп өндіріске енгізуде. Алайда, бұл әзірге аздық етеді. Сондықтан, алдағы бес жылда 28 мың гектар суармалы жерді және 4 мың гектар көлдетіп суаруға арналған жерді қалпына келтіруді көздейді, – деді облыс әкімі.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес жылда кемінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруді тапсырды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін халықаралық қаржылық ұйымдар жұмылдырылуда.

Азия банкі 177,15 мың гектар жерді тұрақты суару бойынша қалпына келтіру жобаларын қаржыландыруға 59,71 млрд.теңге және көлдетіп суарылатын Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы 101,6 мың гектар жерге 6,4 млрд.теңге қаржыны 18 жылға беруге ынта білдіріп отыр.

Бағдарлама аясында ҚР аумағында 610 мың гектар жер суармалы болуы тиіс. Азия банкі осы жердің 278 мың гектарын өз міндетіне алмақшы. Өзге қаржыландыру Ислам банкі және Еуропаның қайта жаңғырту және даму банкі арқылы жүзеге аспақ. Ал, Азия даму банкіне келсек, ол – салалық қаржыландыру. Жобаның мақсаты – қатардан шығып қалған немесе техникалық қызмет көрсетудің кемдігінен, өзге де себептермен аз қолданыстағы ирригациялық жүйені қалпына келтіру. Фермаларда қолданылатын су ресурстарын басқару техникасын, үрдістерін және тәсілдерін жақсартқымыз келеді. Сондай-ақ, фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін арттыруға техникалық көмек ұсынамыз, – дейді сөз кезегінде Исмаил Наджар.

Суармалы жерлерді қалпына келтіру жобаларын 2018 жылы іске қосу жоспарлануда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button