Георгий Прокоп – «Қазақстанның Еңбек Ері»
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокопқа «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебелі атағы берілді.
Георгий Прокоп 1950 жылы 11 қарашада Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін, 1968 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1973 жылы бітіріп, ауыл шаруашылығының инженер-механигі дипломын алды.
Еңбек жолын 1965 жылы Целиноград облысы Вишневский ауданы «Вячеславский» кеңшарында машина-трактор паркінде жұмысшы, тракторшы, меңгеруші болып бастаған. 1975-1976 жылдары «Вячеславский» кеңшарында бас инженер, 1976-1986 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданы «Черниговский» кеңшарында бас инженер болып жұмыс істеді. Отыз жылдан астам уақыт Қарағанды облысы Нұра ауданының «Шахтер» кеңшарында, кейін «Шахтер» ЖШС-да директор болып жұмыс істейді.
Бірнеше рет аудандық мәслихаттың депутаты, Қарағанды облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Партияның Нұра филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі болып сайланды.
Нұра ауданының меценаты және демеушісі. Ауылда лайықты еңбек ауысымының тәлімгері және тәрбиешісі.
Мемлекеттік және мерейтойлық наградалары бар. «Құрмет» орденімен (1999), «Парасат» орденімен (2006), «Отан» орденімен (2014), КСРО ХШЖК Алтын медалімен (1979), КСРО ХШЖК қола медалімен (1980), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1982), «Тыңға 50 жыл» медалімен (2004), «10 жыл Астана» медалімен (2008), I дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен (2010 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «Бірлік» медалімен (2013), «Нұр Отан партиясына 15 жыл» медалімен (2014), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен (2015), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015) марапатталған.
Нұра ауданының және Қарағанды облысының Құрметті азаматы.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.