Бас тақырып
Газ баллонынан қауіп көп
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті газ баллондарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың қажеттігін ескертеді.
Екі қабаттан жоғары көпқабатты үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға қатаң тыйым салынады. Газ баллондарын дұрыс қолдануға ерекше назар аудару қажет: оларды жылыту құрылғылары мен пештердің жанына орналастыруға, сондай-ақ автогаз құю бекеттерінде толтыруға болмайды. Газ баллондарын тек арнайы газ толтыру станцияларында толтыру керек, ал суықтан кіргізілген кезде оларды қауіпсіз орындарда сақтау қажет.
Осы ережелерді мұқият сақтау төтенше жағдайлардың алдын алып, сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz