Жаңалықтар

Еуразиялық одақта – сауда қарқынды

     2017 жылғы қаңтар-сәуірдегі деректер бойынша Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 744,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2 есе көп. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өзара сауда көлемінде экспорт – 482,8 млн. АҚШ доллары шамасында. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайған. Импорт болса, 261,9 млн. АҚШ долларына жеткен. Аталған көлем 1,5 есеге көп дейді баспасөз қызметі.

Экспортта басым үлес – тегіс илекке тиесілі (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлемінің 68,2%)-ы. Ал, таскөмір, шымтезек, шекемтас және таскөмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері (13%), мырыш кендерi мен қойыртпалары – 3,9% шамасында.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button