Ресми

Этножурналистиканың үздіктері анықталды

Қарағанды – еліміздегі ең ірі облыстардың бірі. Бұл жерде жүзден астам этнос өкілдері бейбітшілік пен тұрақтылықты ту етіп, ымыра-бірлікте тату-тәтті күн кешуде. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда орны үлкен Қазақстан халқы Ассемблеясы қанатының астына жиылған этностардың облыстағы тыныс-тіршілігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, таныстыруда, әлбетте, журналистердің орны үлкен екенін айтпаса да түсінікті. Осы орайды облыстың ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі жыл сайын аймақтың этножурналистері арасында «Сарыарқа – достық аймағы» атты шығармашылық байқау өткізуді дәстүрге айналдырған. Төрт аталым бойынша өткен байқау қорытындысы биыл да 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесінде жарияланды. Жеңімпаздарға марапатты облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Байқаудың мақсаты – өңірлік этножурналистиканың дамуына ықпал ету, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жариялауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға атсалысқан дарынды журналистер мен блогерлерді ынталандыру.

Қазылар алқасы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениетаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін, көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің озық үлгілерін ақпараттық кеңістікте насихаттаған, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту тақырыбын қозғаған журналистердің, сондай-ақ, облыс аумағында жұмыс істейтін блогердердің де материалдарын қарастырды.

Байқауға келіп түскен материалдарды іріктеу барысында алдымен тақырыпқа, мақсаты мен міндетіне сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы басты назарға алынды. Одан бөлек, автордың шығармашылық көзқарасы, материалдың ерекшелігі мен бірегейлігіне де назар аударылғанын айту керек. Тіпті, автордың сауаттылығы, атап айтқанда, этностаралық қатынастар саласындағы терминологияны дұрыс қолдану да байқаудың ережесіне енгізілген.

Сонымен, «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызмет бағыттарын ашуға арналған үздік аналитикалық материал» аталымын облыстық Ortalyq Qazaqstan газетінің жауапты хатшысы Жәлел Шалқар иеленді.

«Жыл таңдауы» – этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, этностардың интеграциясына, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған үздік әлеуметтік маңызы бар медиа жобада SARYARQA» каналының редакторы Светлана Шульц үздік деп танылды.

Ал, «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі – Гүлнұр Көкиева «Этностар арасында мемлекеттік тілді танымал ету және қолдану аясын кеңейтуге арналған үздік материал» аталымын жеңіп алды.

««Үздік этноблогер» аталымын, яғни, өз контентінде этностардың интеграциясы мен азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған этносаралық келісім және жалпыұлттық бірлік тақырыбындағы материалдарды жариялап жүрген «Е-karaganda» ақпараттық агенттігінің тілшісі Анна Дябина алды.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button