Ресми

Естай Әбдіғалиев: «Қадір түнінің мақсаты – шаршап, шалдығу емес, құлшылықпен өткізу»

Бүгін – Қадір түні. Осы қасиетті Қадір түні туралы білгіміз келіп, ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Естай Әбдіғалиевті әңгімеге тартқан едік…

– Естай Айтуғанұлы, алдымен Қадір түнінің басқа түндерден ерекшелігін қысқаша айтып берсеңіз…

– Қадір түні – ең қадірлі түн! Бұл жайында Алла Тағала өзі баяндайды. Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Шын мәнінде, Алла тағала Қасиетті Құран кәрімді Қадір түнінде түсірдік. Яғни, Құран Кәрімнің алғашқы аяттары Қадір түнінде түсіріліп бастаған. Сол үшін біз Рамазан айын – Құран айы деп атаймыз» делінген.
Қадір түні – мың айдан да қадірлі түн. Оны айға, жылға шаққанда «83 жылға пара-пар сауабы бар түн» деп Алла Тағала өзі баяндайды. Бұл дегеніңіз, осы қасиетті Қадір түнін кім тапса, онда оның дұға-тілегі қабыл болып, жасаған ғибадат-құлшылықтары бір адамның ғұмырына татитындай еселенеді екен.
Пайғамбарымыздың хадисінде «Қадір түнін Рамазан айыны соңғы он күндігінен, оның ішінде тақ күндерден іздеңіздер» дейді. Енді, біз қазір соңғы онкүндіктеміз. Бірақ, Қадір түнін «17-сінен 18-іне қараған түні» деп нақты айта алмаймыз. Алайда, біз сол күннен үміт етіп, сол күнді бекітіп, халық болып жиналамыз.
Аяттың жалғасында «Ол күні періштелер мен рух жерге түседі» делінеді. Ал, ғалымдардың айтуынша, «Бұл күні Жәбірейіл періштенің өзі түседідейді. Сол түні періштелер өте көп болады. Раббымыздың рұқсатымен сол күні қаншама періште жер бетіне түседі. Және жер бетінде таңға дейін тыныштық орнайды» дейді. Алла тағала Қадір түнінің ерекшелшелігін Құран кәрімде осылай айтып кеткен. 

– Қадір түнін мешітте өткізу мен үйде өткізудің йырмашылығына тоқталсаңыз.

– Бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ. Үйінде болса да болады. Дегенмен, Алланың үйінде өткізсе, бұл жерде уағыз, насихаттар айтылады. Сол түні қари 30 парақ «Құран хатым» дұғасын жасайды. Сол жағынан мешітте болғаныңыз жақсырақ.

– Облыстық Әнет баба атындағы орталық мешітте Қадір түнінің бағдарламасында қандай игі шаралар өткізіледі?

– Бұл түні Әнет баба мешіті мыңдаған адамға ауызашар береді. Одан кейін Құптан намазының уақы кіреді. Уағыз-насихат айтылып, 30 күн бойы оқыған «Құран хатымның» дүғасы жасалады. Халықпен бірге дұға етеміз. Әрі мешіттегі ұстаздар уағыс-насихат айтады. Ортада салауат айтып сайысқан азаматтар да бар. Соларға сый-сияпат беріледі. Виктониралық сұрақтар да қойылып, жауап берген жандарға сыйлық ұсынылады. Одан кейін сәресі беріледі.

– Қадір түнін бозбалалар мен кәмелетке толмаған жастарға мешітте өткізу шарт па?

– Шарт емес. 
.
– Қадір түнінде қандай сүрелер мен дұғаларды оқыған дұрыс және құлшылық қылу әдебі жөнінде айтып өтсеңіз.

– Қадір түнінің мақсаты шаршап, шалдығу емес, керісінше, құлшылықпен өткізу. Нәпіл намаздарды көп оқыған дұрыс. Арнайы бір намазды айтпаймыз. Бірақ, дұғалардың ішінде «Алла тағала, сен өте кешірімдісің. Жомартсың. Кешіруді жақсы көресің. Бізді кешіре көр» деген дұғаны көбірек айтқан жөн.

– Уақыт тауып, сұрақтармызға тұщымды жауап бергеніңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button