Руханият

«Ескірген өлеңдер» – жаңарған ойлар

    Бір әңгіме үстінде ақын ағалардың бірі: «Мұқағалидың «Өлең махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы керек» дегенін қалай түсінесің?» деді. Сәл кідірістен кейін өзі тәпсірледі. «Ол – жастық шақта махаббатты жаз да, қартайғанда парасатты жырларға көш деген сөз емес. Кез келген дүниеге махаббатпен кіріссең парасатты байламға келесің дегені. Әйтпесе, қарттар махаббатты жырламасын деген сөз емес, я болмаса жас шайырдан парасатты сөз күтпеуіміз керек пе?» деді. Бұл ойды сіздермен бөліспекке тағы бір жаңа кітап өз оқырмандарына жол тартқан шақтан туды. «Ескірген өлеңдер». Авторы – Ошақбай Суханберлин. Мұқабасы жұқа болғанымен, мағынасы қатпар-қатпар. Мазмұны бай, таралымы шақтаулы. Жалпы, өлеңдерді оқығанда іштен шыққан өлең мен күшпен шыққан өлең бірден аңғарылады. Ошақбай Суханберлиннің өлеңдері іштен шыққан шынайылығымен өз оқырманына сыйлы.

   «Өмір деген өнегені үйреніп,

   Бақыт деген мақсаты бар үйде өстім» дейді автор. Әділдікті ту ету, қарт­тықтың қазынасын іздеу, ауылды аңсау, азаттықты мадақтау, махаббатқа парасат, пайыммен бару – кітаптың негізгі бағыты.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button