Ресми

Ертең де жаңбыр жауып, дауыл тұрады

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары ертең түнде аймақтың солтүстігінде ауа райы өзгеретінін хабарлады. Қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай соғып, дауыл тұрады.

Сурет: taulik.kz сайтынан

Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Сонымен қатар, облыстың батысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі бар екенін баса айтты мамандар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button