Осакаров

Ерлікке – тағзым

   Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар «Жаужүрек полк» акциясына қатысуымен басталды. «Жаужүрек полк» акциясына қатысушылар өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының портреттерін ұстап, кент көшелерімен жүріп өтті.

Аудан орталығындағы бюджеттік мекемелер мен ұйымдар «Азалы Ана» мемориалындағы мәңгілік алауға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жанын қиған жауынгерлер құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, еске алды.

Аудан әкімі Қайрат Шайжанов аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, Ұлы Жеңіс мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат екеніне тоқталып өтті.

Украина президенті П.Порошенконың арнайы Жарлығымен «Украинаны азат етудің 70 жылдығы» медалімен Ұлы Отан соғысы ардагері Анна Котованы марапаттады.

Сонымен қатар, аудандық қорғаныс бөлімі ұйымдастырған дала асханасында құрметті қонақтар солдат ботқасының дәмін татты. Жеңіл сусын, дәм саудасы ұйымдастырылды. Құттықтау соңын аудандық Балаларға қосымша білім беру орталығы мұғалімдері мен оқушылары өз алаңқайында ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұластырды. Мұнда жүрек тебірентетін патриоттық әндер, Ұлы Жеңіс әуендері шырқалды.

Кешкісін Балаларға қосымша білім беру орталығы алаңқайында алғаш ұйымдастырылған «Үміт отын жағыңдар» мәңгілік алау акциясы ұйымдастырылды. Ұлы Жеңіске құрмет сахналық би көрінісімен және мерекелік отшашумен қорытындыланды.

Сержан СМАХАНҰЛЫ.

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button