Қарағанды

Ерлік – ұрпаққа мұра

    Ауғанстан соғысының тарихи мағынасын ашу мақсатында «Қарағанды қаласының ОКЖ» КММ №8 кітапхана-филиалының оқу залында «Есімде ауғанстан соғысы» атты еске алу кеші өтті.

Қала тұрғыны, интернационалист жауынгер Қайрат Құрымбек-ұлы арнайы қатысқан іс-шараға, №74 ЖББ орта мектебінің 6 сынып оқушылары атсалысты.

Интернационалист жауынгер Қайрат Исымов майдан даласындағы жауынгерлердің ерліктеріне тоқталып, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, бүгінде туған жерде еңбек майданының шебінде жүргендігін сөз етті. Кеш барысында оқушылар ардагерге сұрақ қойып, оның өмірінен шынайы оқиғаларды қызыға тыңдады. Сонымен қатар, оқырмандар ерлікке байланысты өлеңдер оқыды. Бұдан кейін «Ерлер халық есінде» атты тақырыптық кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Сонау 1979 жылдың желтоқсан айынан бастап, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған он жылдық соғысқа Қазақстаннан 22 000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button