Бас тақырыпОблыс әкімі

Ерлан Қошанов виртуалды қабылдау ашты

Қарағандылықтар тәуліктің кез-келген уақытында интерактивті режимде аймақ басшысына ұсыныстары мен шағымдарын айта алады. Бұдан былай “Твиттердегі” облыс әкімінің ресми парақшасымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында “Виртуалды қабылдау” жұмыс істейді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Қарағанды облысының аумағында 1 миллион 400 мың адам өмір сүреді. Олардың көпшілігінде кейде жергілікті билік органдарына жүгінетін проблемалар туындайды. Алайда, әр түрлі себептермен облыс басшылығының жеке қабылдауына кіруге мүмкіндігі жоқ», – деп жазды Ерлан Қошанов сайтқа келушілерге арнаған үндеуінде.
Облыс әкімі Виртуалды қабылдау аса өткір мәселелерді жедел шешуге және оларды дереу анықтауға көмектеседі деп атап өтті. Кері байланыстың жаңа форматы жергілікті атқарушы органдар жұмысының мониторингіне айналады. Ешбір өтініш қараусыз қалмайды, деп сендірді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында жергілікті шенеуніктер халықпен интернет арқылы сөйлесуі бұрыннан қалыптасқан. Барлық қалалар мен аудандардың әкімдері әлеуметтік желілерде өздерінің ресми парақшаларын ашты.
Бұдан басқа, азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарына жедел ден қою үшін Қарағандыда арнайы жаңа жоба енгізілуде. Жақын арада бірыңғай үйлестіру орталығы ашылады. 112 телефон нөмірі бойынша тұрғындар өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция шұғыл қызметтерімен хабарласа алады. Ал 109 нөмірі бойынша қалалық ортаның ТКШ, көріктендіру және т. б. Мәселелерге қатысты өтініштер, шағымдар мен ұсыныстары қабылданады.
Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін Қарағанды әкімдігінде қазіргі уақытта Open Karaganda жобасы жүзеге асырылуда. Мұнда бірыңғай терезе қағидаты бойынша Ашық қызмет көрсету енгізілетін болады, бұл мемлекеттік қызметтерді алу үшін кедергілерді азайтады. Open Karaganda залы қала әкімдігінің ғимаратында орналасады. Осындай фронт-кеңселер Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында ашылуда.

Басқа материалдар

Back to top button