Спорт
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Бішкекте еркін күрестен өткен Азия чемпионатында Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
97 келі салмаққа ауысқан Айтмұхан осы салмақтағы әлем чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке финалда есе жіберді.
Ризабек пен Ахмед осымен екінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде де Тажудинов басымдық танытқан.
Естеріңізге сала кетейік, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Ол жаңа маусымды олимпиадалық 97 келі салмақта бастап отыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz