Жаңалықтар

Елордаға «ЭКСПО-әжей» келді

        «Естімеген елде көп» деген рас-ау!

Елордадағы «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне әлемде «ЭКСПО-әжей» атанған 80 жастағы Томио ЯМАДА келді.

 

«ЭКСПО-әжей» Халықаралық көрмеге алғаш рет 1970 жылы барған. Көрме Жапонияның Осака қаласында өткізіліп жатқан уақытта. Содан бері осы шараға баруды әдетке айналдырып, ел арасында «ЭКСПО-әжей» атанып кеткен.Экспо әжей

Өзінің айтуынша, әлем елдеріндегі «ЭКСПО» көрмелері кезінде ол жаһандық мәселелер жайлы көп мәлімет алатын көрінеді. Бірінші байлығы – денсаулығын да нығайтқан.

Кейуана «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен те кездесті. Кездесу кезінде Ұлттық компанияның басшысы құрметті қонаққа естелік сыйлықтар табыстап, Көрмеге деген қызығушылығы үшін алғыс білдірді.

– Томио ЯМАДА, «ЭКСПО-әже» (Жапония):

– «ЭКСПО – 2017» көрмесі қазіргі заманның ең басты мәселелерін, соның ішінде, жаңғыртылатын энергия көздеріне өту және қоршаған ортаны сақтау сауалдарын қозғап отыр. Мұнда көптеген қызықты дүниелерді көруге болады. Көрменің басты нысаны – «Нұр Әлем» сферасы музейге айналатынын білемін, сондықтан, осында келетін балалардың табиғат жайында және оны сақтаудың маңыздылығы турасында білуін қалар едім».

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button