Елордаға – Қарағандыдан
Қарағандылық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 20-21 тамызда өз тауарларын Астанаға алып бармақшы.
Жәрмеңкеде түрлі оқулықтар, мектеп оқушыларына лайықталған киімдер, спорттық бұйымдар мен аяқ-киімдер, кеңсе тауарлары тұтынушыларға 10 пайыздан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен ұсынылмақшы. Сонымен қатар, ел назарына Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда Оқушылар сарайы, музыка мектебі және өнер мектебі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады деп жоспарлануда. Тұрғындарға түрлі бағыттар бойынша кеңес беру жайы да ескерілген, сол мақсатта қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейтін болады.
Мектеп жәрмеңкесіне қарағандылық кәсіпкерлермен қатар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тауар өндірушілері де қатыспақшы.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ