Бас тақырыпРесми

Елімізде көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастады

Тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі жаңа заңды іске асырудың алғашқы күні елордада және еліміздің өңірлерінде 249 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 30 сәуірде көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру ҚР Үкіметіне әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көп балалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді.

Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламенті мен Үкіметінің үйлесімді атқарған жұмыстарының нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жүйелі шаралары қабылданды.

Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көп балалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Басқа материалдар

Back to top button