Жаңалықтар
Елімізде бүгіннен бастап жаңа шектеулер күшіне енеді
26 қазаннан бастап Қазақстаннан бұқа мен қойды шығаруға квота енгізіледі, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Биылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге сандық шектеулер мен шектеулерді бөлудің тиісті қағидалары бекітілген.
Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, ҚР аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі:
- 12 айдан асқан 85 000 бас бұқа;
- 6 айдан асқан 120 000 бас қой мен ешкі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА