Елге танымал Ана

Ердің жүгін арқалап, аянбай еңбек еткен, «Құрмет белгісі» орденінің, бірнеше медальдар мен «Қазақстанның XV жылдығы» төсбелгісінің, Қазақ ССР-ның алғашқы шақырылған Жоғарғы Кеңесінің Жаңаарқа ауданы бойынша қазақ әйелдері арасынан тұңғыш сайланған депутат Әлкен Оспанованың туғанына 110 жыл толуының орай еске алу кеші өткізілді.

Ауданның Мәдени-сауық орталығында өткен кешке анамыздың туған-туыстары және аудан тұрғындары қатысты. Алғаш болып аудандық мәслихаттың хатшысы Қуат Имантүсіпов сөз сөйлеп, Әлкен Бекмырзақызының ұлы Марал Хасеновтің жұбайы Рымбала анамызға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Кеш барысында Әлкен Оспанова жайында әдемі естеліктер айтылып, үлгі аларлық тұлғаның мазмұнды өмірінен сыр шертілді.

Бұл кештегі басты жаңалық – «Ескенеден шыққан елге танымал Ана» атты естелік кітаптың тұсауы кесілді. Әлкен Оспанованың ұлы Марал Хасенов кітапты аяқтай алмай өмірден өтіп кеткенімен, басталған игі істі аяқтауды жөн көрген оның жұбайы Рымбала апай кітапты толық жинақтап, жарыққа шығарды. Кітапты қолға алып, ішіне үңілер болсаңыз, Әлкен анамыз жайындағы естелік әңгімелер мен фотосуреттерге қанық боласыз.

Елі дегенде күш-жігерін аямаған, ер мінезді Әлкен Оспанованың кескін-келбетін, өмірін баяндайтын, болашақ ұрпаққа қазына болар кітабы шықты және аудан орталығындағы өзі тұрған көшеге есімі берілді. Жүзеге асқан игілікті шаралар халқы үшін аянбай тер төккен тұлғаның есімі ешқашан санамыздан өшпейтінін көрсетті.

Сондай-ақ, кеш барысында шоқтығы биік Жаңаарқа жерін, Жаңаарқадан шыққан тұлғаларды зерттеп, зерделеп, бірнеше кітап жазған, аудан басшылығында талай жыл қызмет атқарған еңбек ардагері Ібрахым Ісләмовқа «Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы» атағын аудан әкімі Ғабдрахман Омаров пен аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов табыстады.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің басшасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.