Спорт

Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Е.Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен шеберлік байқасты.

Биыл қос теннисші Аделаидада кездесіп, онда қазақстандық теннисші 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина қос брейк жасап, 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 6:5 болған мезетте америкалық спортшы брейк жасап кетті – 7:5.

Үшінші, шешуші партияны Е.Рыбакина қатарынан екі брейкпен бастады – 4:0. Ақыры матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:2.

Екі сағат 5 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 8 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына өтті. Бұған дейін ол үшінші айналымнан аса алмаған еді.

Е.Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Юлия Путинцеваның үшінші айналымға шыға алмағанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы бәсекелерін сәтті бастады.

Басқа материалдар

Back to top button