Бас тақырыпЖаңалықтар

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысуда.

Айта кету керек, 16 тамызда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңір басшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. 

 

Басқа материалдар

Back to top button