Елбасының мақаласынан қуат алдық
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын оқи отырып, Елбасының отандастарымен бірге ашық талқыға салып, халқымен ой бөліскенді жақсылыққа жорыдық. Бүгінгі күнде, бүкіл әлем сынға түсіп отырғанда, Елбасы халқын сабырлыққа, байсалдыққа шақырып, жұртының ақ тілеуін тілеп отыр.
Қазақстан жұртшылығын әбігерге салған пандемия елімізде экономикалық қиыншылықтар тудырғаны анық. Елбасы жылдар бойы жүйелі жүргізген реформалар нәтижесінде және халқымыздың төзімділігі ерік – жігері және өзіне деген зор сенімінің арқасында басымызға түскен ауыртпашылықтан, еңсемізді биік ұстап, қиындықтан шығамыз деп ойлаймын.
Әдетте жұрт көңілі алаң кезде елді бірлікке шақырған Елбасының үндеуінен қуат алғанымыз анық.
М.Омарбеков,
Қарқаралы мәдени–сауық орталығының директоры