Пікірлер

Елбасы мақаласы әрбір азаматқа зор сенім ұялатады

Республикамыздың Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бұл мақала арқылы адамзаттың басына түскен жаман індетті жеңу жолында Қазақстан халқын сабырлыққа шақырып отыр. Ата заңымызда жазылған “Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі”, ал адамның тұрмыс-тіршілігіне ең бастысы қаражат керек, және қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі де бізде бар екендігін атап айтты, тек бұл сын сағатта адамдардың өздерінің тигізетін септігі керек – ол төзімділік, ерік-жігер және өзіне деген зор сенім.
Елбасымыз бұл мақалада жас ұрпақ пен аға ұрпаққа жеке айтар сөздерін белгіледі. Әрине, жас ұрпақты алға жетелейтін, ақылы мен даналығын аямайтын ол қариялар, ал ел болашағы жастардың қолында. Ал кәсіпкерлерді көмекке аса мұқтаж қарияларға, көпбалалы аналарға, әл-ауқаты төмен, жұмысқа жарамсыз жандарға көмегін беріп, қамқорлық жасап қол ұшын беруге шақырды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” мақаласы әрбір қазақстандық азаматқа зор сенім ұялатады.

Абай қалалық кітапханасы

Басқа материалдар

Back to top button