Елбасы мақаласы халыққа рухани дем болары сөзсіз

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаев «Бiрлесе бiлген ел бәрін жеңеді » атты Қазақстан халқына үндеуiн жарияланды. Әлемде болып жатқан ахуал жайлы айтылған бұл үндеу халыққа рухани дем болары сөзсіз. Елбасы өзінің елмен бірге екенін айта келе: «Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.», — деп баса көрсетті.
«Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз», — деп өз сөзін түйіндеген Елбасына бiзде өз тарапымыздан » Бiз бiргермiз»  дегiмiз келеді.
P.S:Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Жараспай ауылдық кітапханасының ұжымы