Елбасы мақаласы халыққа рухани дем болары сөзсіз
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев “Бiрлесе бiлген ел бәрін жеңеді ” атты Қазақстан халқына үндеуiн жарияланды. Әлемде болып жатқан ахуал жайлы айтылған бұл үндеу халыққа рухани дем болары сөзсіз. Елбасы өзінің елмен бірге екенін айта келе: “Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.”, – деп баса көрсетті.
“Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз”, – деп өз сөзін түйіндеген Елбасына бiзде өз тарапымыздан ” Бiз бiргермiз” дегiмiз келеді.
P.S:Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Жараспай ауылдық кітапханасының ұжымы