Елбасы «ЭКСПО» кешенінде болды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды. Бұл туралы «Ақорда» сайты мәлімдеді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан» павильоны құрылысының барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудың маңыздылығын атап өтті.
Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан. Ғимараттың 7-қабатында энергияның негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда.
Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.
Әзірлеген: Қуаныш АМАНҚҰЛОВ