ҚарағандыРуханият

Ел тірегі – Егемендік

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Осынау 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүниедегі ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген ҚР Тұңғыш Президенті, көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін әрқашан айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Осынау қуанышқа толы күнді Алаш Арыстары арман етіп, оған біздің қолымыз жетті. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді. Тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды. Толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары кезең-кезеңімен бұрын жүзеге асып келеді. Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Егемен елдің қызы – өжет, ұлы – қайратты, халқы – қаһарман келеді. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – Тәуелсіздік!

Осы күнге орайластырылған іс-шаралар республиканың түкпір-түкпірінде өткізілуде. Біздің мектепте де аталған мерекеге орай түрлі ауқымды  іс-шаралар өтті.  «Жас Ұлан» тобына оқушыларды қабылдау салтанаты болып,  бастауыш сынып оқушыларының арасында «Менің Отанымның ғажайып жерлері» тақырыбында сурет байқау ұйымдастырылды. Үздік  салынған суреттер іріктеліп, оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.  Сондай-ақ, «Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты сынып сағаттары тағы бар. Өз кезегінде, тарих пәні мұғалімдері 8-9 сынып оқушыларының арасында «Тарих ақтаңдақтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушыларға тәуелсіздік ұғымы, сол жолда аянбай тер төккен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызмет жолы жайында терең мағлұматтар беріліп, арнайы дайындалған презентация таныстырылды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Тәуелсіздік – киелі ұғым»  атты поэзия сағатын өткізді. Балалар Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. 9 сынып оқушылары «Желтоқсан құрбандары» тақырыбындағы презентациясын ұсынып, Қайрат Рысқұлбеков һақында қойылым әзірледі. Апта соңында «Желтоқсан жаңғырығы – егемендік» тақырыбында мерекелік концерт жоғары деңгейде  өтті. Әлі де осындай тәрбиелік  іс-шаралар өз жалғасын табары сөзсіз.

М.МҰҚЫШЕВА,

№40 негізгі мектебінің қазақ тілі мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button