Ел үмітін ер ақтар

           Сейсенбі күні айIMG_7810мақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ қазақ күресі бойынша «Сарыарқа Барысы» облыстық турнирінің жеңімпаздарымен кездесті.

Балуандар жеңіс тіледі.

– Өңірдегі күрес өнерінің қанат жайып, дамуының басында сіздер тұрсыздар. Осы жолда облысымыздың намысын қорғайтын сіздерге, жеңісті жолда сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі.

Айта кеткен жөн, «Қазақстан Барысы» турнирі алғаш рет 2011 жылы басталып, содан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ал, «Сарыарқа Барысы» – Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан Барысы» жарысының іріктеу кезеңі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Наталья Сухорукова: «Жарыстар негізгі сегіз салмақ пен абсолютті салмақ бойынша ауыл, аудан мен қала және облыста өтті. Биылғы іріктеу кезеңдеріне 2810 спортшы қатысты. Абсолютті салмақ санатында 9 балуан бақ сынап, Ержан Шынкеев пен Асыл Барменов жеңімпаз атанды», – деді.

Бұған дейін Ержан Шынкеев республикалық «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері атанса,  Асыл Барменов 2014 жылы «Қазақстан Барысында» екінші орынды иеленген болатын.

Спортшылардың бас жаттықтырушысы Диханбай Биткөзов шәкірттерінен жеңіс күтетінін айтты.

Диханбай БИТКӨЗОВ, бас жаттықтырушы:

– Бұған дейін біздің жігіттер екі рет екінші орынды иеленді. Биылғы ақтық мәреге біз екі ай бойы дайындалдық. Жаттығулар жиі әрі сәтті өтті. Сондықтан, оларға зор сенім артамыз. Спортшылардың жаттығуы үшін зал берген шәкіртім «Еңбек» спорткешенінің басшысы Талғат Байшолақовқа алғысым шексіз. Жеребе сәтті түссе, ақтық  бәсекеге түсуге үміттіміз.

Ержан Шынкеев пен Асыл Барменов 2 шілде күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін республикалық турнирдің ақтық мәресінде облысымыздың намысын қорғайды. Жерлестерге жанкүйер болайық!

Аяулым СОВЕТ.

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.