Рухани жаңғыру

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЕРТЕҢГІ БАҒДАРЫ

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына, сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасын әзірлеу мен енгізуге бастамашы болды. Сондықтан, ел дамуының ертеңгі бағдарын айқындаған Елбасының маңызды мақаласы – мемлекетіміздің серпінді дамуына мүмкіндік берері сөзсіз.

Жаһан – сәт санап түрленуде. Түрлі салада жаңа технологиялар дамып, инновациялық өзгерістер енуде. Бұл ретте, еліміз бен қоғамымызға байырғы сана моделі мен түсінушілікті ұстана отырып, заман ағымымен бірге аяқ басу мүмкін емес.

Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да айтып өткен еді. Ұлттық құндылықтарды сақтай білумен қатар, қазақстандық мамандарды даярлаудың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ету қажет. Осы ретте, Мемлекет басшысы «Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз» деген болатын.

Аталған жұмысты жүзеге асыру мақсатында Елбасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ұсынғаны белгілі. Бұл жоба аясында гуманитарлық білім саласындағы барлық бағыттар бойынша әлемнің үздік жүз оқулығы қазақ тіліне тәржімаланып, мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросы қалыптасады.

Менің ойымша, бұл жұмыстар еліміз үшін аса маңызды. Себебі, аталған бағыттардың жүзеге асуы барысында түрлі сала бойынша жоғары кәсіби мамандардың дамуына деген жаңа негіз қалыптасады. Бұл мамандар алдыңғы қатарлы біліммен сусындай отырып, жинаған  тәжірибелерін қызмет барысында қолдану мүмкіндігіне ие болады. Экономика, білім және ғылым жүйесі салаларын жетілдірудің жаңа көкжиегі ашылады. Сөйте тұрып, мемлекеттік тілдің, ғылым саласындағы қазақ тілінің беделі арта түседі.

Философ, тіл маманы, саясаттанушы сынды гуманитария саласындағы мамандарымыз заманауи біліммен сусындай отырып, өзге мемлекеттердегі әріптестерімен қарым-қатынас орнатудың көптеген жаңа мүмкіншіліктеріне қол жеткізеді. Өзара ақпарат алмасудың жаңа белесіне көтеріледі.

Өңіріміздегі білім беру, мәдениет және елді мекендерді жетілдіру саласындағы ауқымды жұмыстар –  азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыруға шақырады. Бұл дегеніміз – «Туған жер» бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру деген сөз. Жасыратын несі бар, «Нұр Отан» партиясының осы бағдарлама идеяларын жүзеге асыру бойынша жүргізген жұмыстары – ауқымды.

Ең алдымен, партияның қызметі ақпарат пен түсіндіру жұмыстарын жүргізумен тығыз байланысты. Отанымызға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, руханилық, тарихты насихаттау сияқты идеялар «Туған жер» бағдарламасында айтарлықтай жүзеге асырылып келе жатқанын айта кету керек. Партия мүшелері халықпен кездесу кезінде бағдарлама идеяларын ілгерілету мақсатында ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды белсенді жүргізеді. Биыл «Аманат» жобасының аясында «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорымен бірлесіп, партияның облыстық филиалы тарихи орындар туралы және  қазақ халқының ұлы тұлғалары туралы деректі фильмдер түсірді. Ол түсірілімдер Ақтоғай, Қарқаралы, Ұлытау аудандарында өтті.

Сондай-ақ,  аталған  қормен бірлесе отырып, аймақтағы «Аманат» сыйлығының аясында өз елінің дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды іріктеу мақсатында көп жұмыстар атқарылды. Яғни, облысымыздағы 100 үміткердің арасынан 8 жүлде иегері анықталды. «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің мәдениет және өнерді дамыту мәселелері бойынша, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мәселелері тоқсан сайын қаралады.

«Туған  жер» бағдарламасын іске асыруы бойынша партия мүшелерінің қатысуы туралы нақты мысалдар да келтіре кеткен артық болмас. Соның бірі – «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің елді мекендерде сенбіліктерге шығып, ағаш отырғызуға қатысуы дер едік.

Шахтер аудандық мәслихатының директоры Георгий Георгиевич Нұра ауданындағы «Шахтер» кентінде 200-ден астам ағаш отырғызды. Сол кісінің еңбегі нәтижесінде ауылда медициналық амбулатория мен қонақ үй сынды жаңа ғимараттар бой көтерді. Жергілікті дәріханада жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Колосок» дәмханасы ашылды. Сондай-ақ, оның есебінен жүзу бассейні салынды.

Басқа да бір мысал. Ақтоғай ауданындағы Сарытерек ауылының осыдан 10-30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері өз ауылын гүлдендіруге белсене үлес қосады. Мәселен, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап, ескерткіш тұрғызды. Ірі спорт жарыстары да ұйымдастырылды.

Қорыта келсек, бұл бағдарлама – еліміздің дамуына үлес қосатын шынайы патриот азаматтар  бар екенін айқындайды. Сөйте тұра, белсенді азаматтардың еңбегін елеп, нақты істерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамдағы патриотизмді қалыптастыруға, рухани құндылықтарды нығайтуға және насихаттауға  ықпал етеді.

Сондықтан, алдыңғы қатарлы білімін, ұлттық тарихы мен рухани құндылықтарын жолға қойған қоғамның ертеңгі елді дамыту кілті де өз қолында деуге толық мүмкіндік бар.

 

Қадиша ОСПАНОВА,

«Нұр Отан» партиясы

Қарағанды облыстық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button