Ел ағасына – ел құрметі

     Көкірегі алтын көмбе, нар­ман­беттанушы ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақтоғайлық абыз ақсақал Амангелді Туғанбаев «Ұлт-Азаттық көтеріліске – 100 жыл» медалімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ағамызға қос марапатты Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова салтанатты түрде табыстады.

     Ақын Нарманбет Орманбет­ұлының мұрасын зерделеуде Амангелді ағамыздың еңбегі ора­сан. «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығына енген Нарекеңнің жауһар жырлары осы Аужекеңнің маңдай терімен жинақталған еді. Ғалым ағамыз Нарекең ғана емес, ақын Кенішбай Жұбандықұлының да шығармашылығын зерттеу ісіне мұрындық болуда. Кенішбай ақынның төте жазумен жазылған өлеңдерін ел арасынан тауып алып, бүгінде бұл 27 дәптерді кириллицаға аудару жұмыстары жүргізілуде. Бұйыртса, Кенішбай ақынның көпшілік жұрт біле бермейтін өлеңдері оқырманға жол тартпақ.

     Мерейіңіз әрдайым үстем болсын, ел ағасы!

Нұрқанат ҚАНАФИН

АҚТОҒАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.