Басты тақырып

«ЭКСПО-2017» экономикаға серпін

«ЭКСПО – 2017» көрмесінің негізгі мақсаттарын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айқындап берді. Ол – ел экономикасының технологиялық дамуына оң ықпал ету, отандық кәсіпорындарға дағдарыс кезеңінде қолдау көрсету, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталық құру.

2015 жылы БҰҰ Бас Ас­самблеясының 70-ші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ аясында Жасыл технологияларды дамыту бойынша халықаралық орталық ашу жөнінде бастама көтерді.

Әлемдегі озық елдер жаңартылатын энергия көздеріне көшуде. Экономикасы жер қойнауын пайдалануға негізделген Қазақстан үшін де жасыл технологиялардың маңызы аса зор. Ал, «ЭКСПО-2017» – баламалы энергия облысында жинақталған әлемдік тәжірибені шоғырландыру үшін тамаша алаң.

Бұл мәселе қозғалғанда 20-шы ғасырдың 50-ші жылдарында, алдымен, қол жеткен озық технологияларды шоғырландырып, соңынан электроника саласында көшбасшыға айналған Жапония мен Корея елдерін үлгі етуге болады.

«ЭКСПО-2017» – бұл инфра­құрылымдық жоба. Дағдарыста тоқырамаған Астана «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында отандық тауар өндірушілердің тапсырыстарын жүйелей отырып, оларға қолдау көрсетуде. Өнеркәсіптің дамуына ықпал етуде және жаңа жұмыс орындарын ашуда.

Нысандардың құрылысына 262 отандық тауар өндіруші тартылды, 36,8 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға келісімшарттар жасалды. 244 млрд. теңге көлемінде инвестициялық жобалар іске асырылуда. Тек, инвестициялық жобалар есебінен ғана қосымша 5300 жұмыс орны құрылды.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-ға дайындық барысында елімізде 46 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.

Осы жылдың 10 маусымынан бастап «ЭКСПО – 2017» көрмесіне билеттерді онлайн сату басталған болатын. Билеттік бағдарлама Көрмеге бару мүмкіндігіне әрбір қазақстандық ие болатындай әзірленді. Билеттік бағдарлама «ЭКСПО» көрмесін өткізудің әлемдік тәжірибесіне сүйене жасалған. Мәселен, бұған дейін жазғанымыздай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі балалар көрме алаңына тегін кіру мүмкіндігіне ие. Жеңілдікпен сатылатын билеттерді зейнеркерлер, көп балалы аналар, студенттер мен мектеп оқушылары алады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button