Руханият

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

         Сәтбаев қаласының әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің төл мерекесінде аталған сала қызметкерлерін қалалық «Шарайна» газетінің редакциясына шақырып, ыстық ықыласқа толы ілтипатын білдірді.

DSC00033

Мерекелік басқосуға шақырылғандар қатарында жоғарыда аталған басылымның қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ қалалық бөлімшесі, қаладағы пошта байланысы торабы мен «Сәтбаев телеарнасы» ұжымдары, «Qasym.kz» ақпараттық агенттігінің редакторы Нұрмұқан Қалқаманұлы, «СәтМедиа» студиясының басшысы Ғалымжан Нұрпейісов  және осы жолдардың авторы болды.

Өзінің құттықтау лебізінде Асқар Абылайұлы байланыс және ақпарат саласы мамандары қызметінің қоғам өміріндегі маңызын айрықша атап өтіп, ұжым басшылары мен жекелеген журналистерге қала әкімінің Алғыс хаттарын тапсырды. Қалам иелері мен байланыс мамандары жомарт пейілді қала басшысының қолынан қаржылай сыйақылар мен естелік сыйлықтарды да қабылдап алды.

Жиын барысында жарасымды үрдісті «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Шолпан Жанғаскинова ұтымды жалғастырды.

Марапатталушы тараптардың басшылары мен өкілдері өздерінің жауап сөздерінде қала әкімі мен басқа қоғамдық бірлестіктердің басшылық құрамына еңбектерін елеп-ескергені үшін риясыз алғыстарын айтты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

СӘТБАЕВ қаласы.

Суретті түсірген Е.ВАНЮШОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button