Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын», — делінген Президент Жарлығында.