Руханият

Dubai World Cup бәйгесі тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақтың әлемге әйгілі арғымағы Кабирхан қатысатын Dubai World Cup бәйгесі бүгін тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Ortalyq.kz sportqazaq Telegram арнасына сілтеме жасап.

Сурет: sportqazaq Telegram каналынан

Аталған дүбірлі додада қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев та бақ сынайды. Ол Жапонияның Dura Erede сәйгүлігін тізгіндейді.

Тікелей көрсетілім бүгін QazSport арнасынан сағат 16:00-де басталады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button