Доскей ауылының Мәдениет үйіндегі сахна ауыл өміріне жаңа тыныс әкелді
2025 жыл Доскей ауылы үшін ерекше жыл болды. Көптен күткен жаңа ауылдық Мәдениет үйі пайдалануға беріліп, ауылдың рухани өміріне жаңа тыныс әкелді.

Бүгінде Мәдениет үйі – өнер мен мәдениеттің, ұлттық құндылықтар мен шығармашылықтың ордасына айналды. Мұнда түрлі үйірмелер жұмыс істеп, ауыл тұрғындары мен жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік жасалуда.

Осы игі істің жалғасы ретінде «Polymet Solutions Corporation» компаниясы Доскей аулының Мәдениет үйіне заманауи жазғы сахнаны тарту етті.

Салтанатты рәсімде Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлы Құсайын сөз сөйлеп, мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Polymet Solutions Corporation» компаниясының бас директоры Қазанғапов Қуандық Орынбекұлын Алғыс хатпен марапаттап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Сондай-ақ, «Polymet Solutions Corporation» компаниясының қызметкерлері Калиев Жарқын, Кенжебаев Денис, Циммерлинг Денис, Турсынбеков Әскербек, Қуантаев Бекарыс және Токушев Жасұлан Бұқар жырау ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат олардың ауданның мәдени-рухани өміріне қолдау көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде танытып келе жатқан еңбектеріне берілген лайықты құрмет болды.
Мерекелік кеште Медет Осатаев, Гүлдана Махшонова, Фархад Мейраш, Даир Темірғалиев, «Шұғыла» және «Golden Star» би ансамбльдері, Елибаев Ардақ, Мұхамед Айгерім, «Қарқаралы» триосы, Нұрлытаң Саятқызы, Нұрболат Есенғайып, Құдайберген Айбек, Нұрмағамбетов Айдос, Тілек Аманжол, Еламан Маженов және «Рух» триосы өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Доскей аулының мәдениетінің дамуына қолдау білдіріп, жазғы сахнаны сыйға тартқан «Polymet Solutions Corporation» компаниясының ұжымына және бас директоры Қазанғапов Қуандық Орынбекұлына ауыл тұрғындары шынайы алғысын білдірді.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



