Жаңалықтар

Діни тұтастық – тұрақтылық кепілі

Биылғы сайлауалды науқаны кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы «БІРГЕ» жалпыұлттық акциясын бастады. Акция мақсаты сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін кеңірек жинауға бағытталған. Яғни, адамдардың нақты талаптары, барлық деңгейлердегі атқарушы биліктің кемшіліктері, сонымен қатар өңірлердегі, жалпы республикадағы халықтың өткір қажеттіліктері жөнінде барынша көп ақпарат алу мақсатын көздеді.

Сайлаудан кейін 19 маусымда Президенттің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты.

Оны жүзеге асыру жөніндегі үш тармақтан тұратын Іс-шаралар жоспары Жарлықпен бекітілді:

1. Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жолында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының түйінді ұлттық индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету.

2. Елбасының Бес институционалды реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау.

3. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету тетіктерін және барлық азаматтардың ұлтына, діни сеніміне, мүліктік жағдайына қарамастан құқықтарының теңдігі туралы Конституцияның ережелерін нығайтуға, сондай-ақ, қоғамда радикалдық идеологияға иммунитет пен әлеуметтік, мәдени, этникалық және діни негіздегі экстремистік көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Осы үшінші мәселе дін саласындағы жұмысты жетілдіруге арналған жаңа серпіліс болды. Әрине, ол осы салада бұрын қабылданған барлық құқықтық актілердің негізінде жүргізіледі. Бұдан бұрын да дін істері жөніндегі басқарманың, уәкілетті органдардың алдында қоғамдағы радикалды идеологияға қарсы иммунитетті және діни негіздегі экстремистік көріністерге деген нөлдік төзімділікті қалыптастыру міндеті тұрды. Алайда, қазіргі уақытта бұған қарсы күрес тек діни ғана емес, сонымен бірге, саяси құбылыс ретінде бүкіл әлемдегі міндетке айналды. Діни экстремизмді жақтаушылардың идеялары мен әрекеттері қазіргі саяси жүйені, әсіресе, саяси жүйелері толық қалыптаспаған, нашар дамыған елдердегі жүйені бұзуға және тұрақсыздандыруға бағытталған.

Діни экстремизмнің зияткерлік, саяси, психологиялық, діни, әлеуметтік және саяси себептерінің болу мүмкіндігі қиындық тудырады. Діни экстремизмнің дамуы мен таралуы адамның өзінен, оның отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым-қатынасынан бастау алады, қоршаған қоғам мен экстремистің ішкі әлемі арасындағы, сенім мен мінез-құлық және мұраты мен шындықтың арасындағы, дін мен саясат, нақты сөздері мен істері, армандары мен нақты жетістіктері, зайырлығы мен діншілдігі арасындағы қарама-қайшылықтардан анықталуы мүмкін.

Біз көбінесе діннің мәні мен мақсаты туралы толыққанды білімі жоқ, оның ішкі жүйесі мен бірбеткей төзбеушілік пен қатыгездік мақсаттарын дұрыс түсінбейтін «діни экстремизмге шалдыққан» адамдармен қарым-қатынаста боламыз, олар экстремисті тек өздерінің жеке соқыр сенімдерін қабылдауға мәжбүрлейді және айналасындағы адамдардың мүдделері мен объективті жағдайларын олардың назарға алуына мүмкіндік бермейді, тыйымдар мен шектеулер қоюға тырысады, діни мінез-құлықта жасанды және үнемі шектен шығушылықты және басқаларға да солай жасау үрдісін көрсетеді. ДДА уағыздаушылар түрлі экстремистік орталықтардың тапсырмаларын орындай отырып, дәл осылай өз ойларын жүзеге асырады.

Сондықтан, біздің жұмыста облыстың белгілі бір өңірінде ДДА жақтайтындардың көбеюінің себептері мәселелеріне барынша назар аударып, әлеуметтік-экономикалық себептерді зерттеген жөн болады. Әлеуметтік сауалнамалар дәл осы мақсатпен жүргізіледі.

Дінтану білімі, таза діни ілімдер тұрғысынан сауатсыздар арасында діни радикализмнің таралуына қарсы тұру мүмкін емес.

Мемлекеттік органдар діни ілімдерді насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізе алмайды, бірақ ғылыми қоғамдастықпен, діни және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтаса отырып, тұрғындардың, әсіресе жастардың діни сауаттылығын арттыру біздің міндетіміз болып табылады.

Діни радикализмнің кез келген көріністерінің дінге сенушілер үшін де, жалпы мемлекет үшін де қауіпті екенін тұрғындардың санасына сіңіру жөніндегі жұмыстарды ерекше және тұрақты жүргізу қажет.

Бұл жерде формальды түрде сөз сөйлеп қоймай, қызу пікір алмасу, дұрыс тұжырымдар жасау арқылы мақсатты акциялар, семинарлар, пікірталастар, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізу қажет.

Бұған ақпарат құралдарын үнемі жұмылдырып отыру керек, Интернет, WhatsApp және тағы басқа әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану қажет.

ДДА идеяларына бейімделген адамдармен жұмыс жүргізу ерекше қиындық тудырады. Заңнамаларды түсіндіру деңгейіндегі жұмыс жүргізу бұл жерде жеткіліксіз болады.

Олардың іс-әрекеттерін шектеу – тек бірінші қадам. Біздің алдымызда деструктивті діни ағымдарды жақтайтындардың санын азайтып қана қоймай, әртүрлі радикалды ұйымдар эмиссарларының жұмысына кедергі келтіру үшін қарсы насихаттау, оңалту жұмысын барынша сапалы және жер-жерлерде жолға қою міндеті тұр.

ДДА идеяларын тарату жұмысында мұсылман ұйымдарына басты назар жиі аударылады, бірақ біз басқа діндермен де жұмыс жүргізуіміз керек.

Тек, кешенді жұмыс қана тиімді нәтиже береді және де біз Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды орындау жөніндегі міндеттерді жүзеге асыра аламыз.

Нұрлан БИКЕНОВ,

Қарағанды облысы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button