Басты тақырып

Депутаттық фракция – істе

«Нұр Отан» партиясы қызметінің саяси Доктринасына сәйкес бүгінгі таңда нақты да бір әлеуметтік топтармен жүргізілетін жұмыстар түбегейлі түрде жаңарып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына, көрнекті нәтижелерге сүйене отырып құрылған.

Осыған орай барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының атқарар рөлі артып отыр.

Өткен сайлауда депутаттық корпустың құрамы 60% жаңарды, «Нұр Отан» партиясының біріккен фракциясының 294 депутаты сайланды.

Сайлаушылардың мүддесі болып табылатын сайлауалды бағ­дарламалардың орындалуы – біз­дің іс-әрекеттеріміздің ең басты басымдылығы.

Облыстық мәслихаттың депут­аттары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының аймақтық кураторларының пар­тиялық комиссия құрамына еніп, мемлекеттік, салалық бағдар­ламалардың орындалу мониторингі бойынша өз жұмыстарын белсене атқаруда.

Осылайша «Денсаулық сақтау» бағыты мен партиялық бақылау бойынша Комиссияның бірлескен отырысында аймақ бойынша өзекті болып табылатын ауруханалар мен емханалардағы науқастардың кезегін азайту, дәрі-дәрмектерді рецепсіз жіберу сияқты мәселелі сұрақтар қарастырылды. №1 жә­не №3 емханалар мен емха­налар жанындағы әлеуметтік дәріханалар сияқты денсаулық сақтау орындарына біріккен рейд жүргізілді. Комиссия мүшелері Қарағанды облысының сынамалы жобалары – Кешенді медициналық ақпараттық жүйемен (КМАЖ) және Автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйемен (АДАЖ) та­ныс­ты.

КМАЖ бағдарламасының дәрі­герлердің жұмысын жеңілдетіп, ем алушылардың уақытын үнемдер үлкен артықшылығы бар. Ем алушы онлайн режимінде облысымыздың барлық емханалары мен сауда орындарында орналастырылған терминалдарға өзінің ЖСН-ін енгізе отырып, дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Сонымен қатар пациенттердің барлық емдік үдерісі қадағалауда болып, ақпарат па­циенттің өзіне ғана қолжетімді бола алатын электронды түрдегі медициналық карточкада сақ­талады.

Депутаттармен жүргізілген са­раптама ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министр­лігімен құрастырылған ұқсас бағдар­ламалармен салыстырғанда КМАЖ әлдеқайда тиімдірек екенін көрсетті. Облыстық денсаулық сақтаудың басқармасына халықтың мүддесіне сай жаңа бағдарла­маларды енгізуді белсенді ете түсу туралы партиялық ұсыныстар берілді.

Облыстық мәслихаттың де­путат­тық фракциясының жина­лыс­­тарында жастарға қатысты маңызды мәселелер, атап айтқанда – еңбекпен қамту, салауатты өмір салты, жастар ортасындағы діни жағдаяттар мәселелері кө­терілуде. Депутаттардың жыл сайын өткізілетін ауыл және жұмыс­шы жастардың облыстық фору­мына қатысуы да бүгінде дәстүрге айналған. Биылғы жылы форум облыс әкімі Н.Әбдібековтің қатысуымен Осакаров ауданында өтті.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі – белсенді әйелдер қатарынан кадрлық қорды қалыптастыру және гендерлік теңдіктің мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мәселесі. Ақтоғай ауданында ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Г.Бижа­нованың қатысуы­мен облыстық «Әйелдер жаңа жаһанды ақиқатта» атты партиялық конференция өткізілді. Облысымыздың барлық өңірінен келген белсенді әйелдер бүгінде электр қуатын үнем­дейтін альтернативті жасыл тех­но­­логияларды белсенді қол­данып отырған Қызыларай село­лық ок­ругінің «К.Мадияр» және Жидебай селолық округінің Жа­лаңаш ауылындағы «Жарас» фер­­мерліктің жұмысымен ­ танысып, «Жұмыс­пен қамту жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы бойынша салын­ған жанұя­лық-дәрігерлік амбула­торияға барды. Аудандық мәдениет үйінде делегаттар ауыл­дық іс­кер әйелдердің қол жеткіз­ген жетіс­­тіктерінің жәрмеңке-көрме­­сі­мен танысып өтті. Семи­нар-тренингтер өткізілді. Депутат­­тық корпус өкілдерінің құрамында кон­ференцияға аудандық және облыстық мәслихат­­тардың де­путат­тары қатысты. Облыстық мәслихаттың депутаттық фракция­сының жетекшісі Қ.Оспанова әйелдер көшбас­шылығының 18 ай­мақтық мектебінің рөлін арт­тырудағы депутаттық фракция жұмысы­ның ерекше маңызды екенін атап өтті. Ақтоғай ауданының әкімі С.Әбеуова әйелдердің барлық мемлекеттік іс-әрекеттерді жүзеге асыруда атсалысуының маңыздылығын және отбасының ұйтқысы, тірегі бола отырып, мем­лекетіміздің тірегі ретіндегі ролі аса зор екенін айтты.

Партияның облыстық филиал­ында депутаттардың қатысуымен қоғамдық қабылдаулардың 2016 жылдың 1-жартыжылдығында пар­тияның жүргізілген жұмыстары­ның қорытындысы бойынша брифинг өткізілді. Азаматтардың барлық 2 444 өтініші уәкілетті ор­ган­дармен және үкіметтік емес ұйымдармен біріге отырып, депутат­тардың қарастыруымен шеші­мін табуда. Өңіріміздің халқын көп жағдайда жұмыспен қамту, тұрғын үй шаруашылығы, баспана­мен қамтамасыз ету мәселе­лері толқытады. Депутаттық фракцияның ұсынысы бойынша түскен өтініш-хаттарды тиімді түрде қарастыру үшін партияның облыстық филиалы мен Қазақстан халқы ассамблеясының Қарағанды облысы бойынша хатшылар алқасының, Ұлттық банктің облыс­тық филиалының, Кәсіподақ орталығының, Ардагерлер кеңесі­нің, Азаматтық Альянс және адвокаттардың облыстық коллегия­сының арасында меморандум жасалды.

Депутаттық фракция жанындағы комиссияның ҚР мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасының «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінетін қаржыны мақсатты түрде әрі тиімді пайдаланылуын бақылау бойынша атқарылатын жұмысына социум өкілдерінен бастап БАҚ-қа дейінгі ауқымды қауым көлемі тартылады. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 2015 жылы іске асырыл­ған оңтайлы үлгілер ретінде металлургия саласында тиімді жұмыс істеп жатқан инновациялық технологиялар зертханасын, Қа­рағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғаза­лиевтің басшылығымен жүзеге асырылған тау-кен ісіндегі бола­шағы зор технологияларды атап айтуға болады. Балқаш қаласында салынған 320 орындық балабақша да тиімділігі зор әлеуметтік аспектердің бірі, бұл – жаңа жұмыс орындары, мектепке дейінгі ұйым­дарға деген сұраныс кезегінің кемуі, аналарға жұмыс істеу мүмкіндігін беру, тәрбиеленушілерге арналған оқыту мен дамытудың және ден­саулық сақтаудың заманауи технологияларын қолданудың тиім­ді жағдайы ғана емес, қаланың инфрақұрылымын дамытар эко­номикалық аспект болып табылады.

Комиссияның үздіксіз өткізетін партиялық бақылау рейдтерінің барысында ағымдағы жылы Сәтбаев қаласында салынып жатқан 600 орындық және Қарағанды қаласындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептердің құрылыс объектілерінде облыс мәслихатының депутаттарымен жергілікті деңгейден ҚР Пар­ламентіне дейінгі деңгейдегі орындаушы билік органдарынан да, заң шығарушы органдардан да шешімін талап ететін мәселелер қарастырылды. Осылайша Қара­ғанды қаласындағы Кең Дала мөлтек ауданында бой көтерген 300 орындық балабақша нысаны үстіміздегі жылдың 14 шілдесінде «Аспап» ПК мердігерімен өткізілген болатын, БТИ-да 22 шілдеде тіркелген. Әрі қарай нысанды өткізу жұмысымен айналысу барысында «Қарағанды облысының құрылыс басқармасы» ММ құжаттар пакетін «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ-сіне жібереді, бұл ұйым өз кезегінде қала әкімдігіне құжаттар тізімін жібереді. Қарағанды қаласының әкімдігі құжаттарды облыс әкімдігі нысанды қаланың ком­муналдық жеке меншігіне өткізу туралы қаулы әзірлеу үшін «Қарағанды облысының мем­лекеттік активтер мен сатып алулар басқармасы» ММ түсіреді. Комиссияның үстіміздегі жылдың 24 тамызында өткен отырысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында облыстық мәслихат депутаттарымен осыған қатысты үдерістерді жылдамдатуға назар аударылған еді. Бірақ, қыркүйек айының 19 күні туса да, қаулы әлі шыққан жоқ. Ал, бұл процедураның толық аяқталуы үшін облыс пен қала арасында, қалалық әкімдік пен қаланың білім бөлімі арасында тапсыру-қабылдап алу актісі өткізілуі тиіс, теңгерім ұстаушыға өткізіліп, нысан пайдалануға берілуі керек. Міне екі ай өтті, ал аналар мен балалар балабақшаның ашы­лу салтанатын сабырлы түрде тосып жүр. Құрылыстың ек­інші нысаны болып табылатын осы мөлтек аудандағы 1200 орын­дық жалпы білім беретін орта мек­тептің құрылысы аяқталғанмен, ин­же­нерлік желілердің құрылғылары мен қоршаулары жоқ. Бұны аса дөрекі стратегиялық қателік және істі кешенді түрде жүргізудің үлкен салғырттығы деуге болады. «Қара­ғанды облысының құрылыс бас­қармасы» ММ-не қойылатын «Нысан қалайша бұлай жоспар­лануы мүмкін?» деген сұрақ еріксіз туындайды. Құрылыс-монтаж жұ­мыстарын сатып алу үрдістерін нәтижелі түрде өткізгеннің өзінде әлеуетті мердігер жұмысты жалғас­тыруға тек үстіміздегі жылдың қазан айында ғана кірісуі мүмкін. Сыртқы желілері жоқ нысан, әрине, аяқталмаған болып есептеледі, сондықтан да пайдалануға беріле алмайды.

Біз бүгін өзгерісі мол, жылдам дамымалы кезеңде өмір сүреміз, дегенмен бар әлемде, атам заманнан жетістік тек өзі жетістікке қол жеткізгісі келетіндерге берілетіні рас. Мемлекетіміз бүгінгі сындарлы заманда әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бірегей талаптар қойып отыр. Сондықтан да әр мемлекет қызметкері өз елі үшін шынайы беріліп, адал еңбек етуі міндет.

Аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың өзекті мәсе­­лелері, экономиканың өсу қарқындарын жетілдіру, елді мекендер инфрақұрылымын әрі қарай дамыту мәселелері әрқашан депутаттық фракцияның басты назарында.

Қоғамдық-саяси өмірдің шын­дығы біздің әрқайсымыздан өзі­міз­ге жүктелген міндеттерімізді қайта қарастыруды, өз сайлау­шы­ларымыздың алдындағы жауап­кершілікті арттыруды талап ететіні сөзсіз.

Мен облыс мәслихатының бірдей үш шақырылымының депутатымын. Мен сенімді түрде біздің жұмысымыз бүгінде жаңа сапалы деңгейде құрылған деп айта аламын. Бүгінде «Есіктен есікке» атты сайлаушылармен кездесулер және халық алдында есеп беру форматындағы жұмыстар тәжірибеге енген. Облыстық мәс­лихат депутаттарының мобиль­ді топтары форматында шал­ғай­дағы ауылдық жерлерде жер реформалары туралы, экономи­камыздың аграрлық секторындағы кәсіпкерлікті дамыту туралы, «сібір жарасы» кеселінің алдын алу жағдайын тұрақтандыру бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы және басқа да мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың бұл түрлері сайлаушылардың әл-ауқаттылығы мен көңіл қоштарын көтеруде нәтижелерін көрсетуде.

Әрине, депутаттық қызметті бағалау бізді ынталандыра түсетіні сөзсіз. Біз өздеріміздің сайлау­шыларымызбен үздіксіз бай­ланыста болуымыз керек, өзіміздің сайлауалды берілген уәделерімізді орындауымыз қажет.

Партия төрағасы, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне партияның саяси Доктринасын жүзеге асыруда жетекші рольді міндеттеп отыр.

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының партиялық фрак­циясы көшбасшымыз жүктеген сенімді ақтап, алға қойылған бар міндетті орындайтыны ақиқат.

А.ТҮКБАЕВА,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,

ҚР мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасының «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінетін қаржыны мақсатты түрде және тиімді пайдаланылуын бақылау комиссиясының мүшесі,

«Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасының

«Білім» бағыты бойынша аймақтық партия кураторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button